+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Қазақстандықтар бір аптада 1 152 техниканы утилизацияға тапсырды

2021 жылғы 25 қаңтар 16:04
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар бір аптада 1 152 техниканы утилизацияға тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 11 қаңтардан бастап утилизацияға ескі көліктер қайта қабылдана бастаған болатын. Алғашқы аптаның өзінде қабылдау бекеттеріне 1 152 техника жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18- 23 қаңтар аралығында қабылдау бекеттері 1 152 техниканы жоюға қабылдады. Атап айтқанда 856 жеңіл автокөлік, 289 жолаушы және жүк көлігі, сондай-ақ 7 ауылшарушылық техникасы тапсырылды. Көлік тапсырған азаматтарға 322,8 млн теңге қаражат төленді», - деп ақпарат таратты ӨКМ операторының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек бұған дейін ӨКМ операторы 18 қаңтардан бастап ескірген ауыл шаруашылығы техникалары утилизауцияға қабылданатынын жария еткен. 8 қаңтардан бастап Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Шымкент қалаларында, 1 ақпаннан бастап Павлодар, Алматы және Тараз қалаларында ескі техникаларды өткізуге болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT