Қазақстандықтар қандай көлік маркаларын жиі сатып алады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биылғы он айда отандық автоөндірушілер 62 мыңға жуық көлік құралын құрастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоӨнеркәсіп» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының мәліметінше, қаңтар-қазанда еліміздің аумағында жалпы құны 460,9 млрд теңге болатын 61 796 автокөлік құралы (жеңіл, жүк көлігі, автобус техникасы, арнаулы машиналар мен тіркемелер) құрастырылды. Шығарылған өнім көлемі нақты мәнде өткен жылғы көрсеткіштен 58,4 пайызға асып түсті.

Жеңіл автомобиль құрастыру 51,5 пайызға артып, 51 922-ге жетті. Автобус шығару да 67,4 пайыз өсіп, есепті кезеңде 1 525 көлік құрастырылды. Сонымен қатар 6 299 жүк көлігі, 284 мамандандырылған автотехника және 1 766 тіркеме шығарылды.

2020 жылдың қазанында қазақстандық кәсіпорындардың конвейерінен 11 140 автокөлік құралы құрастырылды. Бұл, 2019 жылғы көрсеткіштен 2 есе жоғары. Сонымен қатар қыркүйекпен салыстырғанда қазанда автокөлік өндірісі 1,6 есе өсті.

Жыл басынан бері отандық автозауыттар 52 988 көлік сатты. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 53,7 пайызға көп. 2020 жылдың 10 айында Қазақстаның автоөнеркәсіп кәсіпорындарының нарықтағы үлесі 72,2 пайызға жетті.

Республика тұрғындарының жергілікті өндірістен шыққан автомобильдерді сатып алуға шығыстары 404,5 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсетіштен 82,1 пайыз асып түсті.

Есепті кезеңде Қазақстанда құрастырылған жеңіл көліктердің арасында Lada (15089), Hyundai (13455), Ravon (5726), Chevrolet (5636) және KIA (4922) маркаларына сұраныс жоғары болды. Сонымен қатар отандық кәсіпорындар ұсынатын көлік маркаларының тізіміне JAC (1527), UAZ (538) және Skoda (249) кірді.

Ең көп сатылған көлік маркалары қатарында Lada Granta (6634), Ravon Nexia R3 (5726), Hyundai Tucson (3795), Lada Vesta (3531) және Hyundai Accent (3443) бар. Мұнан бөлек, қазақстандық танымал модельдер қатарын Chevrolet Cobalt (2905), Lada 4x4 (2705), KIA Rio (2684), Hyundai Creta (2561) және Lada Largus (1865) толықтырады.

Айта кетерлігі осы жылдың қаңтар-қазанында 7 362 автомобильді жеңілдетілген автокредит мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар сатып алды.


Соңғы жаңалықтар