Қазақстандықтар сапасыз тауарды айырбастау, қайтаруға қатысты жиі шағымданады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Отандық тұтынушылардан сапасыз тауарды айырбастау немесе ақшасын кері алуға қатысты шағымдар жиі түседі. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Серік Құсайынов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы 5 айда Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне келіп түскен шағымдарға талдау жасай келе, салаға қатысты проблеманы бірнеше бағытқа бөлуге болады. Ең алдымен, мәселе бөлшек саудаға қатысты. Яғни, сапасыз тауарды айырбастау немесе қайтарып, ақшасын кері алумен байланысты. Биыл 5 айдың ішінде бөлшек саудаға қатысты 4577 өтініш немесе шағым келіп түскен. Бұл жалпы шағым үлесінің 49,3% құрайды және өткен жылмен салыстырғанда шамамен 1,5% артып отыр», - деді Серік Құсайынов Egov.kz порталында өткен интернет конференцияда тұтынушылардың сұрағына жауап бере отырып.

Комитет басшысының мәліметінше, халықтан келіп түсетін шағымдардың тағы бір легі тұрмыстық қызметтерге қатысты.

«Биылғы 5 айда тұтынушылардан тұрмыстық қызметтерге қатысты 1935 өтініш немесе шағым келіп түскен. Бұл жалпы үлестің 21% құрайды. Салаға қатысты шағымдар сапасыз және уақтылы қызмет көрсетпеу бағытында. Осы санаттағы арыздар жиһаз жасаушылар мен пәтерлерді жөндеу қызметіне де қатысты», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар