Қазақстандықтар жазда еліміздің қай өңірінде демалуды қалайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл елімізде ішкі туризмге қызығушылық артатын болады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл ішкі туризм саласында үлкен сұраныстың бар екендігін байқап отырмыз. Жалпы бағыттар өзгере қоймайды. Олар: Алакөл, Бурабай, Каспий, Қапшағай, Алматының таулы кластері. Бұған қоса Баянауыл мен Шалқар, Имантау курорттық аймақтарына қызығушылық артып келеді. Түркістан, Тараз бағытында тарихи-мәдени туризмге де айрықша қызығушылық байқалады. Ұлытаудың да әлеуеті артып келеді», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Сонымен қатар ол бүгінгі күні жалғыз бағыт болып отырған ішкі туризмді дамыту әрі құтқарып қалу үшін туристік қызметтер көрсететін заманауи орталықтар құру түріндегі жаңа кешенді ұсыныстар қажеттігін айтты.

«Министрлік «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-ның Жобалық кеңсесі Өңірлік жобалық кеңселер мен бастамашылардың ұсыныстарын ескере отырып, 1,62 трлн теңге сомаға туризм саласында 140 инвестициялық жобаның кеңейтілген тізбесін әзірледі», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар