+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Қазақстандықтардың  25 пайызы PIAAC нәтижесінде сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсетті

2020 жылғы 20 қазан 15:02
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтардың  25 пайызы PIAAC нәтижесінде сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының 25 пайызы PIAAC нәтижесінде сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Бұл туралы «Ақпараттық-сараптамалық орталық» АҚ президенті Ерлан Шуланов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бәйдібек ауданындағы ауыл мектебіне 2 «BILIMBook» тақтасы мен 50 компьютер табысталды Минскте әл-Фараби атындағы қазақ сыныбы ашылды Ақмолалық оқушы мен оның бауыры әлемнің үздік балаларының тізіміне енді

«16 мен 65 жас аралығында ересек халықтың дағдысын бағалауға назар аудартқым келеді. PIAAC зерттеуі 2018 жылы жүргізілді. Жалпы нәтиже мынадай: Қазақстан халқы табысы ұқсас 39 елдің ішінде үздік нәтиже көрсетті. Бұл Дүниежүзілік банктің дамушы елдер жіктемесі бойынша. Бұл ретте көптеген позицияда біз Еуропа ынтымақтастық және даму ұйымының (ЕЫДҰ) жетекші елдерінен қалып келеміз. Өлшем ел тарихында алғаш рет өткізіліп отыр. Зерттеу аясында алынған мәліметтердің баламасы жоқ. Өйткені, өте көп елдермен салыстырулар бар. Зерттеу оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жоғары технологиялық ортада тапсырмаларды шешу дағдылары бойынша жүргізілді. Қазақстанның барлық өңірінен түрлі жастағы 6 мың адам қатысты. Зерттеу тест тапсырмаларын электронды және қағаз форматта толтыру арқылы жүргізілді», - деді Ерлан Шуланов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесі барысында.

Оның дерегінше, оқу сауаттылығы бойынша қазақстандықтардың көрсеткіші Түркия мен Мексикадан асып түсіп, Италия мен Испания сынды елдердің деңгейімен шамалас болған. Ал математикалық сауаттылықтан ЕЫДҰ-ның орташа көрсеткішінен артта қалу байқалады. Дегенмен, Қазақстан 247 балмен 31-орында тұр. Бұл Мексика, Испания, Түркия, Италия елдерінің көрсеткішінен әлдеқайда жақсы және Израиль деңгейімен шамалас.

«Жоғары технологиялық ортада тапсырмаларды шешу дағдысы бойынша Қазақстанның көрсеткіші ЕЫДҰ-ның орташа деңгейінен артта қалып отыр. Бұл ретте біз Түркия мен Мексиканы басып озып, Шығыс Еуропаның бірқатар елдері деңгейіндегі дағдыны көрсетіп отырмыз. Көрсеткіш жаман емес болғанымен саралайтын жайттар да бар. Тыңғылық сараптау барысында халықтың 50 пайызы оқу сауаты бойынша орташа деңгей, 25 пайызы жоғары деңгей көрсетті. Халықтың шамамен 25 пайызының көрсеткіші тым төмен», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT