Қазақстандықтардың 67 пайызы бақытты отбасын құра алған – сауалнама

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты тұрғындардың отбасын құру туралы сауалнама сұрақтарына берген жауабын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауалнама республикалық маңызы бар З қала және 14 облыстағы 59 қалалық елдімекен және ауылдық жерлерде өткен.

Онда 18 жастағы және одан асқан 2000 респондент «Сіз бақытты отбасын құра алдыңыз ба?» деген сұраққа жауап берген.

«Лев Толстойдың «Өз үйінде бақытты адам – ең бақытты» деген нақыл сөзін ескеріп, қазақстандықтардың жартысынан астамын осындай санатқа жатқызуға болатынын атап өтеміз. Республикалық сауалнама барысында респонденттердің 67,7% бақытты отбасын құра алғанын мәлімдеді. Ал тағы 24,1% әлі бақытты отбасын құрмаған, бірақ оған қол жеткізе алатынына сенімді. Бақытты отбасы құра алатынына күмәнданатындардың үлесі – 3,8%» деп хабарлады институт.

Айта кетейік, 15 мамыр – халықаралық отбасы күні . Атаулы дата 1993 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес атап өтіледі.


Соңғы жаңалықтар