Қазақстандықтардың 80% декларация тапсыруға, мүлкі туралы ақпаратты көрсетуге дайын

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың 80% дерлік декларация тапсыруға және онда өз мүлкі туралы ақпаратты көрсетуге дайын, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Мұндай мәліметтер @qarjyminkz телеграм каналында бір ай шамасында өткен сауалнама нәтижесінде алынды.

Дауыс бергендердің 100%-ы декларацияны электронды түрде тапсыруды жоспарлап отыр, өйткені бұл ыңғайлы, дейді сауалнамаға қатысушылар. Оның ішінде ұялы телефон және басқа гаджеттер арқылы - 69%, компьютерді пайдалану - 31%.

Ал, қағаз түрінде декларация тапсыруға ниет білдірген адамдар мүлдем болмады.

Сонымен қатар, 16% ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне алаңдауда. Алайда, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі алаңдауға негіз жоқ деп сендіреді. Сонымен қатар, декларация тапсыру азаматтардан көп уақытты алмауы үшін министрлік жаңа технологияларды енгізуде.

Осылайша, е-Salyq Azamat мобильдік қосымшасында жалпыға бірдей декларациялау аясында Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (есептілік нысаны 250.00) ұсыну бойынша сервисі іске асырылды. Бұл сервис жалпыға бірдей декларациялауды енгізгенге дейін барлық қажетті тестілік жұмыстардан өткен, сол арқылы бүгінгі күні сервиске оңай қолжетімді.

Сондай-ақ, жыл басынан бері барлығы 153 497 декларация (СЕН 250.00) - оның ішінде е-Salyq Azamat арқылы – 115 мың декларация ұсынылды.

Бұл ретте e е-Salyq Azamat -та декларацияны толтыру азаматтар үшін қиындық туғызбайтынын атап өту қажет, біріншіден, бұл мобильді қосымшаның интерфейсіне қатысты және «Сұрақ-жауап» түріндегі жеңілдетілген форматтың арқасында.


Соңғы жаңалықтар