Қазақстандықтардың бюджетті жоспарлауға қатысуы төмен - Руслан Еңсебаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан қоғамының бюджетті жоспарлауға қатысуы төмен. Бұл туралы ҚР қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз бюджет ашықтығына қатысты халықаралық индекс бойынша жұмысымызды үш бағытта жүргіземіз. Біріншісі - бұл бюджет ашықтығы. Түрлі алаңдарға бюджеттің орындалуы, бюджетті жоспарлау туралы есептік ақпараттарды орналастырып отырамыз»,- деді ол IX Азаматтық форум барысында.

Осы ретте вице-министр қоғамның бюджетті жоспарлауға қатысуына қатысты жеке бағыттың бар екендігін атап өтті.

«Өйткені, бір жағынан адамдарға есеп-қисапты көру, екінші жағынан бюджетті жоспарлауға қатысу және өздерінің қандай да бір ұсыныстарын беру үшін ұсыну қажет. Өкінішке орай, бізде қоғамның қатысуы бойынша балл өте төмен. 100 баллдың 17-і баллы ғана. Дегенмен, бұл орташа әлемдік деңгейден біршама жоғары. Қазіргі уақытта әлемдік деңгей 14 баллды құрап отыр. Себебі, бүкіл әлемде бұл мәселеге енді ғана баса назар аударып жатыр», - деді Руслан Еңсебаев.


Соңғы жаңалықтар