Қазақстандықтардың онлайн санаққа қатысуы еуропалық көрсеткішпен теңесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Үкіметте Ұлттық халық санағының қорытындысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағы аяқталды. Санақ ел тұрғындарының барлық санаттарын қамтыды. Онлайн сауалнамадан халықтың 42,5% өтті, ал жаппай аралап шығу арқылы 57,5% адам санақпен қамтылды. Көріп отырғандарыңыздай, ел тұрғындары онлайн форматтағы халық санағынан өтуге белсене қатысты. Бұл көрсеткіш онлайн форматта санақтан өтудің орташа еуропалық көрсеткішіне жақындағанын атап өту қажет», - деді Н. Айдапкелов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, халық санағына 25 мыңға жуық санақ персоналы және аумақтық бөлімшелердің және бюроның орталық аппаратының қызметкерлері тартылды.

«Халық санағын өткізудің ұйымдастырушылық және проблемалық мәселелерін республикалық деңгейде ҚР арнайы комиссия шешті. Осындай өңірлік комиссияларды облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, ал аудандық деңгейде аудан әкімдері басқарды. Санақты өткізу мәселелері апта сайын Үкіметтің, Үкіметтің цифрлық офисінің және Арнайы комиссияның отырыстарында қаралып отырды», - деді Н. Айдапкелов.


Соңғы жаңалықтар