Қазақстандықтардың зейнетақы жинағы 12 трлн теңгеден асты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан салымшыларының зейнетақы жинағының сомасы 12,6 триллион теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 1 қарашасына қарай Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шотында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинағы қалыптасты. Бір жыл ішінде оның сомасы екі триллион теңгеден аса немесе 20% өсті» делінген хабарламада.

Зейнетақы жинағының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарнасы есебінен құралды, оның мөлшері - 12,3 трлн теңге. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы бойынша - 305,7 млрд теңге, ал ерікті зейнетақы жарнасы 2,16 млрд теңгеге жетті.

2020 жылдың басынан бастап 1 қарашаға дейінгі кезең ішінде БЖЗҚ салымшыларының шотына 1,1 трлн теңге таза инвестициялық табыс есептелді. Өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық.

2020 жылдың басынан бері салымшылардың шотына жалпы көлемі 867,05 млрд теңге зейнетақы жарнасы аударылған, ол 2019 жылдың 10 айындағы көрсеткіштен 67,1 млрд теңгеге немесе 8% асып түсті.

Төлем 155,3 млрд теңгені құрады.


Соңғы жаңалықтар