Қазақстанға 4 мамыр күні шетелден келген жолаушылардың барлығында анықтама болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылдың 4 мамырында Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Оңтүстік Корея, Грузия, Мальдив Республикасы, Түркия, Украина, Армения, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан 28 халықаралық әуе рейсі келді.

Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен тәулікте 3676 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 14 рейс, 1 894 жолаушы;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 634 жолаушы;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 564 жолаушы;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 149 жолаушы;

Қостанай қаласының әуежайына – 1 рейс, 228 жолаушы;

Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 207 жолаушы.

Барлық жолаушылар COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.


Соңғы жаңалықтар