Қазақстанға америкалық вакцина жеткізетін мүмкіндіктер бар – АҚШ елшісі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға америкалық коронавирусқа қарсы вакциналарды, соның ішінде Pfizer өнімдерін жеткізу мүмкіндігі бар. Бұл туралы Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елші Қазақстанға Pfizer вакциналарын жеткізу бойынша келіссөздерден бейхабар екенін айтты.

«Мен америкалық вакциналарды сатып алу мүмкіндігі бар екенін білемін. Әрине, АҚШ жақтаушысы ретінде Қазақстанның біздің вакциналарды сатып алғанын қалар едім. Себебі мен оларды тиімді және өте жақсы вакциналар деп ойлаймын», - деді У. Мозер АҚШ елшілігі ұйымдастырған онлайн дөңгелек үстелде тілші сұрағына берген жауабында.

Сонымен бірге, елші вакциналарды 2022 жылдан ертерек мерзімде жеткізу туралы сұрақтарға жауап берді.

«Менің ойымша, жеткізу мүмкіндігі бар. Бірақ бұл өте техникалық және коммерциялық мәселе. Мен нақты айта алмаймын (...). Менің ойымша, АҚШ-та біздің азаматтарымызды қамту үшін вакциналар жеткілікті», - деді елші.


Соңғы жаңалықтар