Қазақстанға кем дегенде 100 мың тонна ресейлік дизель отыны әкелінбек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазан айы бойы елімізге кем дегенде 100 мың тонна дизель отынын әкелу жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде дизель отынын жеткізу өткір мәселе болып тұр. Оның бірнеше себебі бар. Біз елімізге дизель отынын жеткізу мен тұтыну көлемінің артқанын байқап отырмыз. Біздің алдымызда қазан айы бойы Ресейден кем дегенде 100 мың тонна дизель отынын әкелу міндеті тұр. Егер қыркүйек айының 20 күнінде елімізге 5 мың тонна дизель отыны жеткізілсе, қалған 10 күннің ішінде 15 мың тонна өнім әкелінді. Ал қазан басталғалы 4 күннің ішінде Қазақстанға 12 мың тонна дизель отыны келді. Қазіргі уақытта аталған отын түрін жеткізу мәселесі күн тәртібінде және бақылауда. Жалпы импорттық отынды жеткізу мен тұтыну трендіне оң баға беруге болады», - деді Мағзұм Мырзағалиев елордада өтіп жатқан «KIOGE-2021» халықаралық мұнай және газ көрмесінде тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет «KIOGE-2021» халықаралық мұнай және газ көрмесі ашылды.

«EXPO» халықаралық көрме орталығында өтіп жатқан шараға 9 елден 156 компания қатысып жатыр және ол екі күн бойы өтеді.


Соңғы жаңалықтар