Қазақстанға кеше әуе рейсімен 4 мыңнан астам жолаушы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанға 26 халықаралық әуе рейсімен төрт мыңнан астам жолаушы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

18 сәуірде Қазақстан Республикасының аумағына БАӘ, Египет, Түркия, Германия, Украина, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және және Қырғызстаннан 26 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 055 авиажолаушы келді. Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 15 рейс, 2 421 жолаушы;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 7 рейс, 1056 жолаушы;
Шымкент қаласының әуежайына – 2 рейс, 292 жолаушы;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 150 жолаушы;
Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 136 жолаушы келген.
ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 12 сәуірдегі қаулысына сәйкес, авиакомпаниялар Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәтте нәтижесі берілген күннен бастап 3 тәуліктен аспайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тестіден өткені туралы анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуге міндетті.


Соңғы жаңалықтар