Қазақстанға коронавирусты емдеуде тәжірибесі бар Ресейдің әскери дәрігерлер тобы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресейдің әскери дәрігерлері коронавирус инфекциясымен күрес бойынша бірлескен жұмысқа кірісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, іс-шара екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының әскери-медициналық ынтымақтастық туралы келісіміне сәйкес жүзеге аспақ. Ол бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының әскери клиникалық госпитальдарына COVID-19 коронавирус инфекциясы анықталған пациенттерді емдеуде тәжірибесі бар ресейлік анестезиолог-реаниматолог, инфекционист пен терапевттен тұратын әскери дәрігерлер тобы келді.

Бағдарламада емделушілердің емдеу хаттамаларын зерделеу, әскери дәрігерлердің консультациясымен семинарлар өткізу және инфекциялық ауруларды диагностикалау мен емдеу саласында тәжірибе алмасу көзделген.



Соңғы жаңалықтар