Қазақстаннан шығуға тыйымның бар-жоғын мобильдік қосымшада тексеруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар шет мемлекеттерге шығуға тыйымның бар-жоғын «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасында тексере алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қаржы министрлігінің ақпаратына сәйкес, Мемлекеттік кірістер комитеті «Е-Salyq-Azamat» мобильдік қосымшасына шет елдерге шығуға салынған тыйымды қарауға, борышкерлер тізімімен танысуға мүмкіндік беретін сілтемені орналастырды.

Мәлім етілгендей, сот орындаушылар бюджет алдында 40 айлық есептік көрсеткіштен астам (116 680 теңге, 1 АЕК - 2917 теңгегег тең) қарызы бар жеке тұлғаларға елден тыс жерге шығуға шектеу қояды. Ал аты-жөні борышкерлер тізіміне енгізіледі.

Мобильдік қосымшаға кіру үшін азаматтың ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында (ХҚКО) ЖСН-ға байлануы қажет.


Соңғы жаңалықтар