Қазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Қазақстаннан Түркияға 600 контейнер жасымық экпорталмақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысындағы Азат станциясынан жөнелтілетін жасымық Түркияның Мерсин станциясына жеткізіледі. Ауыл шаруашылығы дақылын діттеген жеріне жеткізуді «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «KTZ Express» акционерлік қоғамы жүзеге асыруды қолға алып отыр. Осы мақсатта «KTZ Express» акционерлік қоғамы мен түркияның «Teryak group» компаниясымен 15 мың тонна өнімді жөнелту туралы келісімшарт жасалған.

«Бүгінгі таңда «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының «KTZ Express» акционерлік қоғамы әлемінің көптеген елдеріне жүк тасымалдаумен айналысады. Оның ішінде отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін эскпорттау дұрыс жолға қойылған. Осы ретте, «KTZ Express» акционерлік қоғамы жүктердің діттеген жеріне кедергісіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Осы мақсатта «KTZ Express» акционерлік қоғамы Түркияның «Teryak group» холдингімен 15 мың тонна жасымықты жөнелту туралы келісімшарт жасасты. Яғни, 600 контейнерді тасымалдауға кепілдік береді», - деді «KTZ Express» АҚ бас директоры Нұрлан Игембаев.

Қазіргі кезде жасымықтың алғашқы партиясы Азат станциясында арнай контейнерлерге тиелуде.

«Азат» ЖШС басшылығының айтуынша, жүк айтылған мерзімінде тиеліп, яғни алдағы дүйсенбі күніне дейін тиеліп, жөнелтілетін болады.

«Біздің кәсіпорында алғаш рет биылғы жылдың жасымығын экспорттау қолға алынып отыр. Вагонмен емес, арнайы контейнерлер арқылы. Бұл бізге өнімді төкпей шашпай жеткізуге мүмкіндік береді. Қазір кезде 2 мың тонна жасымықты вагондарға тиеп, жедел жөнелту бойынша тұрақты бақылау шаралары жүргізілуде. Жұмыс кестеге сай жүрізілуде», - деді кәсіпорын басшысы Қанат Төлебаев.

Айта кетейік, «KTZ Express» акционерлік қоғамы келісім шарт бойынша жыл соңына дейін 10 мың тонна жасымықты экспортқа тасымалдауды жоспарлап отыр.






Соңғы жаңалықтар