Қазақстанның 15 өңірінде өнеркәсіп өндірісі ұлғайған - Экономика министрі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда өнеркәсіп пен өңдеу көрсеткіштері көбейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы қаңтар-сәуір айларында өнеркәсіп өндірісі 5,9%-ке ұлғайды. Еліміздің 15 өңірінде өсу байқалады. Төмендеу тек Қызылорда облысында (-9,9%) тіркелді. Ең жоғары өсуді Қостанай (15,4%) және Атырау (14,2%) облыстары көрсетті», - деді министр Үкіметте қаңтар-сәуір айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы отырысында.

Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібінде де өнім көлемі 7% өскен. Әсіресе, машина жасауда (25,4%), фармацевтикада (24,2%), құрылыс материалдарын өндіруде (15,6%) және жеңіл өнеркәсіпте (13,9%) жоғары өсу қарқыны сақталды.

«Өңірлер бөлінісінде Қостанай (24%), Қызылорда (20,2%) және Түркістан (17,2%) облыстарында жоғары өсу байқалады. Жамбыл (-3,3%) және Ақтөбе (-4,4%) облыстарында төмендеу тіркелді», - деді Руслан Дәленов.


Соңғы жаңалықтар