Қазақстанның 2,8 мыңға жуық кәсіпорны қауіпсіздік және еңбекті қорғау стандарттарын енгізді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020-2021 жылдары мемлекеттік еңбек инспекторлары 11 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңбұзушылықтардың 34% еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына тиесілі. Атап айтқанда, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу және жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі бойынша оқыту мен нұсқама жүргізбеу жағдайлары көп кездеседі.

«Жұмыс берушілерге 4,3 мыңнан астам нұсқама беріліп, 278 млн теңге сомада 1,6 мыңнан астам айыппұл салынды. Лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары, еңбекті қорғау талаптарын бұзу фактілері бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына жіберді, олар бойынша 193 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта мемлекеттік бақылау құралдарын жетілдіру мақсатында еңбекті қорғау талаптарының сақталуына профилактикалық бақылауды күшейту үшін ақпарат көздері мен тәуекелдерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді Серік Шәпкенов Үкімет отырысында.

Тәуекелдерді басқарудың заманауи жүйесін енгізу мақсатында еліміздің 2,8 мыңға жуық кәсіпорны қауіпсіздік және еңбекті қорғау стандарттарын енгізген.

«Республика кәсіпорындарында 15 мың өндірістік кеңестер жұмыс істейді, олардың міндеттеріне еңбекті қорғау бойынша 17 мыңнан астам техникалық инспекторлардың қатысуымен жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын тексеруді ұйымдастыру кіреді. Елдегі 216 кәсіпорын Халықаралық әлеуметтік қауіпсіздік қауымдастығы әзірлеген «Vision Zero - Нөлдік жарақат» тұжырымдамасын енгізді. Осылай жұмыс берушілерді ынталандыру үшін оларды декларациялау қағидаттары негізінде профилактикалық бақылаудан босатуды көздейтін заңнамаға өзгерістер енгізу қарастырылуда», - дейі Еңбек министрі.


Соңғы жаңалықтар