Қазақстанның 5 облысында есірткі зертханаларын ашқан қылмыстық топ ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қарағанды полицейлері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Облыстық полицияның жедел-тергеу тобы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің көмегімен Қазақстанның 5 облысы аумағында 5 есірткі зертханасын жасауға қатысы бар оннан астам адамды ұстады. Тергеу барысында зертханаларды ұйымдастырушылардың біздің елден тыс жерде болғаны және Қазақстан, Ресей, ТМД-ның басқа да елдері мен алыс шетелдерде психотроптық заттарды дайындап сататын трансұлттық ұйымдасқан топ құрғаны анықталды», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз онлайн брифингіде.

Қазақстанда жұмыс істейтін бөлімшеге басшылық ету мен үйлестіру «Телеграмм» және «Сигнал» мессенджерлерімен жүзеге асырылған.

«Трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ кураторлары психотроптық заттарды шетелден біздің елге сұйық түрде жеткізу арнасын ұйымдастырған, ол автокөлік майлары мен қосалқы бөлшектер, алкогольді ішімдіктер, тұрмыстық заттар, май радиаторлары мен өрт сөндіргіштер түрінде логистикалық фирмалар арқылы жеткізіліп тұрған», - деді ресми өкіл.

Трансұлттық ұйымдасқан топ қатысушыларынан жалпы саны 70 килограмнан астам құрғақ және сұйық түрінде алынған дайын синтетикалық есірткі және 3,5 тоннадан астам прекурсорлар тәркіленген.


Соңғы жаңалықтар