Қазақстанның 6 өңірінде күн бұзылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

12 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Осы күні Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

12 желтоқсанда Түркістан облысының басым бөлігінде және Түркістан қаласында тұман болады.

Осы күні Шымкент қаласында да кей уақытта тұман түседі.

12 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Осы күні Көкшетау қаласында күндіз тұман түсіп, көктайғақ болады.

12 желтоқсанда Қостанай облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады. Күндіз жел қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с болады.

12 желтоқсан таңертең және күндіз Қостанай қаласында қар жауып, бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады. Күндіз жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

12 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ сақталады.

Осы күні Ақтөбе қаласында кей уақытта тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар