Қазақстанның 7 облысындағы жолдарда көлік қозғалысына тыйым салынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолда көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Көлік қозғалысына тыйым салынған облыстардың ішінде Ақмола облысында:

«Жезқазған - Петропавл» автожолының 377-536 шақырымында, Қостанай облысының шекарасы мен Бұзулық ауылы арасындағы жол бөлігінде, «Нұр-Сұлтан - Петропавл» автожолының 18-231 шақырымында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Щучье ақылы жол бөлігі бар.

Ақтөбе облысында:

Автокөліктің барлық түрлері үшін «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 92-257 шақырымы, Ембі қаласы мен Шалқар аралығы және жүк пен қоғамдық автокөліктер үшін «Самара-Шымкент» автожолының 526-710 шақырымы, БҚО шекарасы мен Құрашасай ауылының арасы жабылады.

Шығыс Қазақстан облысында:

Жүк және қоғамдық автокөліктер үшін «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 105-123 шақырымы, Шемонаиха қаласы мен РФ шекарасы аралығы және «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолының 105-191 шақырымы, Риддер қаласы мен РФ шекарасы аралығы жабылады.

Ал тіркемесі бар жүк және қоғамдық көліктер үшін «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 15-102 шақырымы, Глубокое ауылы мен Шемонаиха қаласының арасы және «Өскемен-Риддер-РФ шекарасы» жолының 15-105 шақырымы, Белоусовка ауылы мен Риддер қаласының арасы жабық болады.

Батыс Қазақстан облысында:

Жүк және қоғамдық автокөліктер үшін «Самара-Шымкент» автожолының 394-526 шақырымы, Жымпиты ауылы мен Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі жол бөлігі жабылады.

Қарағанды облысында:

Барлық автокөлік түрлері үшін «Жезқазған-Петропавл» автожолының 142-252 шақырымы, Сарлық ауылы мен Қостанай облысының шекарасы аралығы жабылады.

Қостанай облысында:

Барлық автокөлік түрлері үшін «Жезқазған - Петропавл» автожолының 252-377 шақырымы, Қарағанды облысының шекарасы мен Ақмола облысының шекарасы аралығы жабылады.

Солтүстік Қазақстан облысында:

Барлық автокөлік түрлері үшін «Булаево-Возвышенка-Молодогвардейское-Киров-Қиялы-Рощинское» автожолының 68-132 шақырымы, Возвышенка ауылы мен Ильич ауылының аралығы, сонымен бірге, «Көкшетау-Кішкенекөл-Бидайық-РФ шекарасы» автожолының 219-280 шақырымы, Кішкенекөл ауылы мен РФ шекарасы аралығы жабық болады.


Соңғы жаңалықтар