Қазақстанның 8 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 8 облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

29 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қалың қар жауып, боран соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Ертең Өскеменде боран соғады, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 қарашада Семейде бұрқасын, оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетеді.

29 қарашада түнде Ақмола облысының оңтүстік-шығысында қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу боран соғуы ықтимал. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең Көкшетауда тұман түсуі ықтимал.

29 қарашада Павлодар облысының кей жерлерінде қалың қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

29 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

29-30 қарашада Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

29 қарашада Маңғыстау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ертең Ақтауда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Алдағы екі күнде Таразда тұман түсуі мүмкін.

29 қарашада Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

29 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар