Қазақстанның АҚШ пен Ресейдегі консулдықтары телеграм-бот ашты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АҚШ пен Ресейдегі Қазақстанның консулдықтары телеграм-бот ашты. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қазақстанның АҚШ-тағы және Ресей Федерациясындағы елшіліктері консулдық бөлімнің жұмысы мен қызметтері туралы негізгі сұрақтарға жауап беруге арналған телеграм-боттарды іске қосқанын хабарлаймыз. Телеграм-бот түсіндіру сипатында, яғни консулдық қызметтер туралы негізгі ақпаратты қамтиды. Онда мәтінді тану алгоритмі қарастырылған. Бұл ретте бот көмегімен өтінішті қарау кезеңін бақылап отыруға болады», - деді ресми өкіл.

Оның айтуынша, қолданушы ұсынылған жауаптардағы пункттерінің бірін таңдау қажет. Бұдан әрі пайдаланушы қажетті жауаптар бойынша әрі қарай жылжып отырады. Оның қызметтерін пайдалану үшін телеграмның тіркелген пайдаланушысы болу керек.

«Боттар үнемі жетілдіріліп отырады және тек сіздердің көмектеріңіз арқылы нағыз интерактивті көмекшіге айналатын болады. Оны белсенді пайдалануға шақырамыз. Бот жұмысы бойынша өз ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді тікелей чат немесе консулдықтардың электрондық мекенжайларына жіберуге болады»,- деді Айбек Смадияров.


Фото: ҚР СІМ

Соңғы жаңалықтар