Қазақстанның ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жасау индексі жақсарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан соңғы үш жылда ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл жасау индексін жақсартты. Бұл туралы ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті өз қызметі жылдарында Қазақстанның заңнамалық актілеріне ФАТФ халықаралық стандарттарының талаптарын енгізуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді, ұлттық қаржы мониторингі жүйесінің қатысушыларымен өзара тиімді әрекеттесу және кері байланысты қамтамасыз үшін жұмыс істеп тұрған институционалды және заңнамалық негіз құрылды.

Бұл ретте кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (КЖ/ТҚҚ) саласындағы қабылданған шаралардың тиімділігі Қазақстанның тек 2021-2022 жылдары өтетін өзара бағалау нәтижелері бойынша анықталады.

Сонымен бірге, қазіргі кезде Базель мемлекеттік басқару институтының (Basel AML) ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл индексінің жыл сайынғы есебі жарияланды, онда Қазақстан 141 елдің ішінде 73-ші орынды иеленді, сондай-ақ, Ресей (52-орын). Түркия (41-орын), Өзбекстан (43-орын), Украина (67-орын) сияқты Еуропа және Орталық Азия елдерін артта қалдырды. Қазақстан үшін бұл көрсеткіш соңғы үш жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады және 2018-2019 жылдармен салыстырғанда – 45 тармаққа жақсарды.

Жылдық есептердің деректерінде елдің АЖ/ТҚ-ға осалдығы анықталады.

Позициялардың жақсаруына барлық мемлекеттік, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ АЖ/ТҚ-ға қарсы іс-қимыл саласына қатысатын қаржы мониторингі субъектілерінің тиімді және реттелген жұмысының арқасында қол жеткізілген болатын.

Комитет бөлімшелерінің өзара тиімді іс-қимылының арқасында қаржылық пирамидалармен күрес бойынша жұмыс сапасын едәуір жақсартуға, бірқатар «біркүндік фирмалар» қызметінің жолын кесуге және ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру деңгейін 39%-ға төмендетуге мүмкіндік туды.

Соңғы жаңалықтар