+7 (701) 759 90 19
USD 386.19 EUR 427.71
RUB 6.07 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ICAO-EASA-ның бірлескен отырысына қатысты

2019 жылғы 22 қараша 17:05
Бөлісіңіз:
Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ICAO-EASA-ның бірлескен отырысына қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық делегация ICAO-EASA-ның бірлескен жалпыеуропалық Үздіксіз мониторингтің ұлттық үйлестірушілерінің отырысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада кейбір рейс кейінге қалдырылды АҚШ-та қалың қар салдарынан 800 әуе рейсі тоқтатылды Qatar Airways жылдың соңына дейін Қазақстанға әуе рейстерін бастайды

Парижде Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс бастаған қазақстандық делегация Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) және Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігі (EASA) бірлескен жалпыеуропалық Үздіксіз мониторингтің ұлттық үйлестірушілерінің (NCMC) отырысына қатысты. 2017 жылғы мамырда өткен ICAO -EASA бірлескен жалпыеуропалық Үздіксіз мониторингтің ұлттық үйлестірушілері (E-NCMC) кеңесінің табысты тәжірибесіне негізделе отырып, мемлекеттік қауіпсіздікті қадағалау жүйесінің сегіз маңызды элементтерін тиімді іске асыру деңгейлерін жоғарылатуда мемлекеттерге келісілген көмек көрсетудің осы озық тәжірибесін жалғастыру туралы шешім қабылданды. «Кеңесте EASA стандарттаудың ұсынылған нәтижелері мен басымдықтары, ICAO -ның жаңартуы: жаһандық аспектілер, аймақтық мәселелер, Ассамблеяның еуропалық тұрғыдан қорытындылары, Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастыру бойынша тексерудің универсалды бағдарламасының (USOAP) қызметі жөнінде тәжірибе алмасу, жаңартылған әдістемелік нұсқаулар мен саясатты талқылау, сондай-ақ EASA түзету әрекет жоспарында жаңартылған мәселелер талқыланды», делінген хабарламада. Айта кетерлігі, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі - Қазақстан Республикасының авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігін техникалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыратын жаңадан құрылған ұйым. ICAO мен EASA-ға мүше барлық мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның азаматтық авиация жүйесін болашақта дамыту үшін маңызды мәселе болып табылады. Сондай-ақ, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен ICAO халықаралық әуе көлігі қауымдастығының өкілдері арасында кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар екі ұйымның өзара іс-қимылын дамытудың мүмкін жолдарын талқылады. Гриффитс мырза Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Париждегі Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының (EUR/NAT) авиациялық қауіпсіздік жөніндегі техникалық қызметкері Лейла Сүлеймановамен кездесті. «Соңғы үш айда Қазақстанның авиациялық әкімшілігі құру барысында, ICAO-ның нәтижелерін тексеріп, біздің түзету әрекеттері тұрғысынан қайда екенімізді білдім. Көп нәрсе өзгерген жоқ, және менің ойымша, қазір біз мұнда не істеу керек және қанша уақыт қажет болатындығы туралы нақты түсінік алдық. Осыдан кейін біз мен Қазақстан үшін қажет реттеуішті құру үшін қолдаудағы қосымша талаптарды, сондай-ақ оқыту мен мерзімдерге қойылатын талаптарды толығырақ талқылағым келеді. Осы кездесуден мен стратегияның бір бөлігі ретінде мемлекетке арналған түзету іс-шаралар жоспарын құруға үміттенемін», - деді, Гриффитс мырза Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қызметі және мақсаттары туралы. «ICAO-ның Ғаламдық авиациялық қауіпсіздік жоспары (GASP) ICAO -ның қауіпсіздігіне қатысты ережелерді тиімді жүзеге асыруды үнемі жетілдіруді талап етеді. Бұл сонымен қатар аймақтық деңгейде GASP енгізуге жауапты Еуропалық аймақтық авиациялық қауіпсіздік тобы (RASG EUR) анықтаған аймақтық қауіпсіздік мақсаттарында көрсетілген. Жақында 19-қосымшаға I түзету тиімділігі мемлекеттік қауіпсіздікті қадағалау жүйесінің негізін қалайтын мемлекеттік қауіпсіздік бағдарламасының ажырамас бөлігі ретінде мемлекеттік қауіпсіздікті басқарудың тиімді жүйесін нақты анықтай бастады», делінген хабарламаад.

Мемлекеттік деңгейдегі қажетті жетілдірулерді қамтамасыз ету үшін ICAO -ға мүше әрбір елдегі Үздіксіз мониторингтің ұлттық үйлестірушілерінің (NCMC) рөлі маңызды. Алайда, кейде бұл рөлге қол жеткізу қиын болуы мүмкін, әсіресе жалғыз болған жағдайда. Осыны ескере отырып, ICAO барлық NCMC кездесетін және іске асыру мәселелерін талқылайтын, тәжірибе бөлісетін және ICAO өкілдерінен Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды ұйымдастыру бойынша тексерудің универсалды бағдарламасы туралы (USOAP) соңғы жаңартылған ақпарат алатын басқа аймақтардағы тәжірибені ұсынады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Еуропа, Көлік,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT