Қазақстанның бокстан әйелдер командасы кезекті жаттығу жиынын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан Қазақстан әйелдер командасы алдағы Азия чемпионатына дайындалу мақсатында кезекті оқу-жаттығу жиындарына кірісті деп жазады Olympic.kz.

Жаттығу жиыны 4-21 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері - Ерік Алғабек.

Еске сала кетейік, бокстан биылғы Азия біріншілігі 21 мамыр мен 1 маусым аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында ұйымдастырылады.


Соңғы жаңалықтар