Қазақстанның ғарыштан түсірілген суреттері жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық ғарыш станциясы Қазақстан аумағының ғарыштан түсірілген суреттерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ғарыш станциясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстанның үстінен 264 миль қашықтықтан астам биіктікте айналатын Халықаралық ғарыш станциясынан түсірілген көрініс», - делінген фотосуреттің сипаттамасында.

Айта кетейік, Халықаралық ғарыш станциясы (ХҒС) — көп мақсатты ғарыштық зерттеу кешені ретінде пайдаланылатын басқарылатын орбиталық станция; 1998 жылдың аяғынан бастап қазіргі уақытқа дейін қолданылуда. ХҒС-14 ел Ресей, АҚШ, Жапония, Канада және Еуропалық ғарыш агенттігіне кіретін Бельгия, Германия, Дания, Испания, Италия, Нидерланды, Норвегия, Франция, Швейцария, Швеция қатысатын бірлескен халықаралық жоба.


Соңғы жаңалықтар