Қазақстанның кейбір өңірлерінде күн 41 градусқа дейін ысиды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, күндіз 31 мамырда Түркістан облысында шығыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі ықтимал. 40 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі.

31 мамыр күні түнде Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Солтүстік батыстан жел соғып, күндіз оның екпіні 15-20 м/с артады.

31 мамырда күндіз Ақмола облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел тұрып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с артуы мүмкін.

31 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында күндіз оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-18 м/с жетуі ықтимал.

31 мамыр - 2 маусым аралығында Қостанай облысының жекелеген жерлерінде күн 35-38 градусқа дейін ысиды.

31 мамырда күндіз Қызылорда облысында 41 градус қатты ыстық болады. Солтүстік- шығыстан соғатын желдің екпіні - 15-20 м/с.

31 мамыр - 2 маусым аралығында Қарағанды облысының кей жерлерінде 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Еске салайық, синоптиктер 30 мамыр күні де бірқатар өңірде ескерту жариялаған болатын.


Соңғы жаңалықтар