Қазақстанның көшбасшымен бағы жанды - «Qazaq. Алтын адам тарихы» фильмінің продюсері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Qazaq. Алтын адам тарихы» фильмінің продюсері ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың аталған туындыдағы рөлі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз шындық туралы фильм түсірдік. Фильмді түсіру барысында басынан аяғына дейін шектеу болмады, толықтай еркіндік болды. Керек және маңызды деген сұрақтарды қойдық. Бізде барлық өңірлерд өз көзімізбен көру мүмкіндігі болды. Менімше, фильм сюжеті шынайылыққа негізделген. Және онда аймақтық мәселелер ғана емес әлемдік мәселелер де көтерілді», - деді фильмнің продюсері Игорь Кобзев «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.

«Осындай көшбасшысы бар Қазақстанның жолы болды. Халық жүріп өткен ауыр жолға қарап отырсаң, елді басқаруда көшбасшы дер кезінде келіп, мемлекетті жаңадан құрды», - дейді ол.

Бұған дейін аталған фильмнің авторы Оливер Стоун туындыға қатысты өз ойын білдіріп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі геосаяси рөліне тоқталып өткен еді.



Соңғы жаңалықтар