Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуді автоматтандыру тәжірибесіне шет елдер қызығушылық танытуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның қылмыстық іс жүргізуді автоматтандыру тәжірибесіне шет елдер қызығушылық танытуда. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің цифрлық жобаларын таныстыру барысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, қылмыстық процеске тартылған сәттен бастап оның қатысушылары «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесінің «Жария сектор» қызметі арқылы электрондық қылмыстық істің тиісті материалдарына қол жеткізе алады. Сол арқылы азаматтарымыз кабинет аралап, табалдырық тоздырудан құтқарылады.

«Адвокаттардың комитетке және оның аумақтық органдарына қылмыстық істердің қозғалысы, қабылданған іс жүргізу шешімдері бойынша сұрауларының тұрақты өсуін атап өткен жөн», - деді Марат Ахметжанов.

Ведомство дерегінше, 2015 жылы олардың саны 49, 2016 жылы - 203, 2017 жылы - 901, 2018 жылы - 1592, 2019 жылы - 2816, 2020 жылы – 3 976-ы құрады.

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында адвокаттарды автоматты түрде тағайындау үшін «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесін Әділет министрлігінің «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесімен интеграциялау қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар Бас прокуратура шетелдік әріптестер қылмыстық іс жүргізуді автоматтандыру тәжірибесімен бөлісуді сұрап жатқандықтарын айтады. Мәселен, қазіргі уақытта Қазақстан тәжірибесі бойынша жүйе Беларусь Республикасының Тергеу комитетінде әзірленіп жатыр. Жобаны зерттеу кезеңінде Әзербайжан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Моңғолияның Бас прокуратуралары бар.


Соңғы жаңалықтар