Қазақстанның шетелдегі әскери атташелерінің 2019 жылғы жұмысы қорытындыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Қорғаныс министрлігінің шет ел мемлекеттерде аккредиттелген әскери атташелерімен кеңес өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктен мәлім еткендей, кеңес барысында әскери атташелердің 2019 жылғы қызметтерінің қорытындысы шығарылып, келер жылға міндеттер айқындалды. Оларға Қарулы Күштердің, әскери ынтымақтастықтың дамуына, сондай-ақ қарулану мен әскери техниканы технологиялық жетілдіруге және модернизациялауға қолғабыс ету қажеттігі туралы талаптар жеткізілді.

«Ведомство басшысы Қорғаныс министрлігінің шетелдегі әскери атташелері аппараттарының қызметтеріне қатысты тапсырмалар жүктеді. Бүгінгі күні Қазақстанның әскери атташелері ҚР Қарулы Күштерінің мүдделеріне 25 елде өкілдік етеді: Орталық Азияда, Таяу Шығыста, АҚШ-та, Еуропада және Азия елдерінде», - делінген таратылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар