Қазақстанның Су спорты түрлері федерациясына жаңа президент сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Су спорты түрлері федерациясының президенті болып Андрей Крюков сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, Андрей Крюков бұрын аталмыш федерацияның бас хатшысы қызметін атқарған.

«Менің Ұлттық олимпиада комитетін басқаратынымды білесіздер. Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2018 жылдан бастап ҰОК жоғары нәтижелері бар спорт түрлерін қаржыландыру ісін алып жүреді. Этика мен мүдделердің соқтығыспауын ескере отырып, Су спорты түрлері федерациясының басшылығынан кеткенім жөн деп шештім», - деді Тимур Құлыбаев федерацияның елордада өткен бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, алдағы Олимпиада ойындарында алтын медальға үміттілердің бірі – Дмитрий Баландин. Қазіргі уақытта ол АҚШ-та дайындалып жатыр.

«АҚШ-та дайындалып жатқан спортшыларға қыруар қаржы бөлініп жатыр. Үміт ақталар деген сенімдемін. Ал мен өз орныма Андрей Крюковты ұсынамын», - деді Құлыбаев.

Федерация мүшелерінің бәрі бір ауыздан ұсынылған үміткерді қолдап дауыс берді.

Еске сала кетсек, Қазақстан бокс федерациясының бүгінгі отырысында Тимур Құлыбаев аталмыш федерация басшылығынан кететінін мәлімдеген болатын. Оның орнына белгілі қазақстандық бизнесмен Кеңес Рақышев сайланды.

Фото: инстаграм aquatics.kz.

Соңғы жаңалықтар