Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ауған халқына көңіл айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ауғанстанда қуатты жер сілкінісі болып, 250 адам көз жұмды. Осы төтенше оқиғаға байланысты Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауғанстанның шығысындағы жойқын жер сілкінісінің кесірінен елеулі адам шығынына байланысты ауған халқының қайғысына ортақтасамыз.

Қазақстан халқы мен басшылығының атынан осы апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз. Қалыпты тіршілікке тезірек оралуға тілектестік білдіреміз», - деп жазды ведомство.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ауғанстанның оңтүстік-шығысындағы Пактика провинциясында болған қуатты жер сілкінісінен кемінде 250 адам көз жұмып, тағы 150-ге жуығы жарақат алғанын хабарлағанбыз.


Соңғы жаңалықтар