+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Қазақстанның толық тарихын жазу үшін «Халық тарихы» атты жобалық кеңсе ашылады

2021 жылғы 11 ақпан 18:10
Бөлісіңіз:
Қазақстанның толық тарихын жазу үшін «Халық тарихы» атты жобалық кеңсе ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның толық академиялық тарихын жазу үшін «Халық тарихы» атты жобалық кеңсе ашылуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
«Рухани жаңғыру» құндылықтарды қайта қарауымызға түрткі болды - Әсем Қайдарова СҚО-да Сегіз серінің жерленген зираты табылды «Рухани жаңғыру»: 13 мың меценат туған өлкесін гүлдентуге атсалысты

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізген болатын.

Жиында талқыланған мәселелер бойынша белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков, «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ Басқарма төрағасы Есетжан Қосубаев, Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының меценаты Константин Поп, ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттары қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесинова сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкіметке «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 2021 жылға арналған Жол картасын сапалы әрі тиімді іске асыруды қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Мемлекеттік хатшы Ұлттық комиссияның ұсыныстары мен ұсынымдарын қарастыруды тапсырды.

Атап айтқанда, Қазақстанның толық академиялық тарихын жазу үшін «Халық тарихы» атты жобалық кеңсені ашу, «Кинодағы және теледидардағы тарих» атты арнайы жобаның тақырыптарын күшейту, «Киелі Қазақстан» арнайы жобасы аясында туризмді дамыту, отандық Сайлаушылар банкін қалыптастыру.

Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін сапалы мәдени-ағартушылық және білім контентін қалыптастыру қажеттілігіне назар аударылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT