Қазақстанның Үндістандағы елшісі лауазымынан босатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстанның Үндістандағы елшісі Ерлан Әлімбаев лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

« Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар