+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылғы 19 қыркүйек 09:09
Бөлісіңіз:
Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елімізде алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды ШҚО-да қатты жел мәдениет үйінің шатырын ұшырып әкетті Елімізде бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кәсіпорынның болжамы бойынша, 19 қыркүйек күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Ақтауда 19 қыркүйек күні күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

Ақтөбе облысында 19 қыркүйек күні күндіз оңтүстіктен жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Ақтөбеде күндіз 19 қыркүйек күні оңтүстіктен жел соғып, екпіні 17 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Оңтүстік, оңтүстік шығыстан соғатын желдің жылдамдығыкей жерлерде 15-20 метр болады.

Оралда осы күні найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік шығыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT