Қазақстанның ядролық сынақтан бас тарту тәжірибесі көпке үлгі, бірақ ол оңайға соқпады – Роберт Флойд

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні. Айтулы күннің Қазақстан үшін де маңызы зор. Осыдан 30 жыл бұрын ел Президентінің шешімімен Семей сынақ полигоны жабылды. Осы орайда ядролық сынақтың тек Қазақстан үшін ғана емес тұтас адамзат тағдырында алатын рөлі туралы ҚазАқпарат тілшісі Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымының (ЯСЖТШҰ) Атқарушы хатшысы Роберт Флойдпен сұхбат құрды.

- Роберт мырза, алдымен Қазақстан мен шарт ұйымының ядролық сынаққа тыйым салудағы ортақ әріптестігі туралы айтып берсеңіз? Ортақ келісімге келу мен бірлескен жобаны жүзеге асыруда неге қол жетті?

- Қазақстан ядролық сынақтардың жаппай тыйым салу туралы шартқа қол қойған 195 мемлекеттің бірі. Қазақстан ядролық сынақтан бас тартуда тәжірибелі, әрі үлгі ел, бірақ ол оңайға соқпады. Әлем бойынша ядролық сынаққа қарсы 300 бақылау стансасы орнатылған соның 5-і Қазақстанда. Бақылау стансасын орнату Қазақстанмен екіжақты келісімнің арқасында жүзеге асты. Осылайша станса арқылы барлық ақпарат тікелей Венадағы штабқа жеткізіледі. 2008 жылы Семей полигоны аумағында біріктірілген далалық оқу жаттығу ұйымдастырылды. Сол кезде бақылау стансасының жұмысы алғаш рет сынақтан өтті. Семейдегі ядролық институттың президенті біздің ұйым жанынадағы техникалық консультативтік органның төрағасы. Осы орайда Қазақстанмен әріптестік бірнеше бағытты қамтиды және ядролық сынақ мәселесіне келгенде сіздің ел белсенді.

- Сіздіңше ядролық сынақтан толықтай бас тарту Қазақстанға не алып келді?

- Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ел басқарып тұрған уақытында ядролық сынақтан бас тарту туралы маңызды шешім қабылдады. Бұл өз кезегінде шарт ұйымының ядролық сынаққа тыйым салу жолындағы Қазақстанмен бірлескен әріптестіктің бастамасы болды. Шартқа қол қою арқылы Қазақстан өз жері мен адамдарын ғана емес тұтас адамзат үшін маңызды халықаралық қадамға барды. Себебі ядролық сынақ мәселесі Қазақстан үшін ғана емес бүкіл әлем үшін маңызды. Әлемнің қай түкпірінде болсын ядролық сынақтың жасалатыны туралы әлем халқы алдын ала білуі тиіс. Осы сәтте біздің ұйымның қызметі маңызды. Осыған дейін айтқанымдай, әлем бойынша 300 бақылау стансасы бар. Сол арқылы біз барлық ядролық сынақ аумаған қадағалап, ақпарат беріп отырамыз. Ол ақпарат Қазақстан үшін де қолжетімді.

- Семей сынақ полигонын жабу жаһандық қарусыздану мен ядролық сынаққа тыйым салуда маңызы қандай?

- Семей полигоны - әлем бойынша маңызды сынақ алаңдарының бірі. Осы орайда оның қызметін тоқтату да маңызды болып саналады. Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай сынақ алаңының қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізген салдарын әлі күнге сезінудеміз. Бүгінде Семей ядролық сынағының тарихта алатын орны ерекше. Және ол тек сынақ өткізуге тыйым салумен ғана байланысты емес. Семей сынақ алаңын жою адамзат үшін және жаһандық қарусыздану бағытында жасалған маңызды қадам. Атом энергетикасы тақыбырын зерттеуді жалғастыра келе Қазақстан аумағында ядролық зертхана құрылды. Ондағы мақсат – атом энергетикасын зерттеп, оны адамзат үшін бейбіт жағдайда қолдануды қарастыру. Бүгінгі таңда аталған зертхана ядролық сынаққа жаппай тыйым салуға қатысты тестілеуді ұйымдастыруда маңызды нысан.

- Жалпы сіздің ойыңызша сынақ алаңын жабу мен ядролық сынақтан бас тарту мемлекетке не береді?

- Ядролық сынақтан бас тарту, ол полигонның мүлдем жарамсыз қалғанын білдірмейді. Сынақ аумағын жабу ол алдымен жер бетіндегі бүкіл адамзаттың қауіпсіздігі үшін маңызды. Біздің шарт ұйымының да басты мақсаты мен қызметі әрбір елмен бейбіт келісімге қол жеткізу. Бұл біздің болашағымыз үшін қабылданып отырған оң шешім.

- Ядролық сынақ тоқтатылып, жабылған аймақтарды қадағалайсыздар ма? Қазір ондағы жағдай қалай?

- Әлем жеке сынақ алаңы бар мемлекеттер бар, бірақ олар көп емес. Оның бірқатары ядролық сынақ жүргізіп, қаруларды тестілеуден өткізеді. Ал Қазақстанға келсек, кезінде Совет одағының мүшесі болып, өз ядролық сынақ алаңы болғаны рас. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттер бар ядролық қаруы жоқ, бірақ ол елдердің аумағында ядролық сынақ жүргізіледі. Мысалы, 1945 жылы Аустралия аумағы ядролық сынақ алаңы ретінде қолданылды. Әрине Аустралиядағы сынақты Семейдегі сынақпен салыстыруға келмейді. Дегенмен Аустралия оның зардабын әлі күнге дейін тартып отыр. Сондықтан әлем елдерінің ядролық сынақтан жаппай бас тартуы маңызды шешім.

- Сұхбатыңызға рахмет!


Соңғы жаңалықтар