+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

Қазақстанның жеңіл атлеттері Қытайда ШЫҰ халықаралық марафонына қатысты

2019 жылғы 2 желтоқсан 20:45
Бөлісіңіз:
Қазақстанның жеңіл атлеттері Қытайда ШЫҰ халықаралық марафонына қатысты

КУНЬМИН. ҚазАқпарат – Қазақстандық жеңіл атлеттер Әмір Байтұқаев пен Михаил Красилов Қытайдың оңтүстік батысындағы Куньмин қаласында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 4-інші халықаралық марафонына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» қарсыласын ойсырата жеңді «Әлем барысы»  атанған Роман Бобиков Qazaq Kuresi ӘЧ-дағы жеңісіне сенімді

Қазақстандықтардың арасынан Әмір Байтұқаев үздік көрсекішке қол жеткізді. Ол марафондық 42 км, 195 метр қашықтықты 2 сағат 35 минутта жүгіріп өтті.

Әмір Қаз Ақпарат тілшісіне берген сұхбатында жарыс жолы туралы өз әсерімен бөлісті.

«Куньминдегі жүгіру мен үшін дебюттік еді. Биіктікке байланысты аса ауыр тиді. Қала екі мың метр биіктікке орналасқан. Оның үстіне бірнеше сағатқа созылған ұшақпен ұшу, сағаттық белдеуден кейінгі жерсіну дегендей, бәрі жарыс нәтижесіне әсер етті. Дегенмен марафоннан алған әсерім қанағаттанарлық», -деді ол.

Ерлер мен әйелдер арасында Эфиопия мен Кенияның өкілдері марафонның жеңімпаздары атанды. Эфиопиялық жеңіл атлет Дереде Дебеле Тулу 2 сағат 13 миут 18 секунд көрсеткішпен мәре сызығын бірінші болып қиды.

Куньминдегі ШЫҰ халықаралық марафоны 2016 жылдан бері өткізіліп келеді.

Бұл бәсекеге 20 мың желаяқ қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қытай, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT