«Қазатомөнеркәсіпті» дамытудың 2022-2030 жылдарға арналған стратегиясы әзірленеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Маңғыстау облысын дамытудың бесжылдық жоспары аясында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіпті» дамытудың 2022-2030 жылдарға арналған стратегиясы әзірленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кешенді жоспарда «МАЭК-Қазатомпромды» дамытудың 2022-2030 жылдарға арналған стратегиясын әзірлеу көзделген. Бұл стратегия кәсіпорынды модернизациялауға бағытталған. Ол жабдықты ұстау және техникалық қызмет көрсету шығындарын азайтуға, электр станцияларының сенімділігін, маневрлігін арттыруға және негізгі жабдықтың пайдалану мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ стратегия БН-350 реакторлық қондырғысын қауіпсіз істен шығаруға және радиоактивті қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталады», - деді Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, электр энергиясының сыртқы инфрақұрылымын қамтамасыз ету жұмыстары қазірдің өзінде белсенді жүргізіліп жатыр.

«Мәселен, Ақтау қаласында 3 қосалқы станция құрылуда. Оларды іске асыру үшін 2021-2022 жылдары 9,2 млрд теңге көзделген. Осы жобаларды іске асыру Ақтау қаласының жаңа шағын аудандары мен қалаға іргелес елді мекен тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз етеді», - деді министр.


Фото: ehonews.kz

Соңғы жаңалықтар