«Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясына жаңа басшы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев жаңадан тағайындалған «Қазгеология» басқарма төрағасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстанның экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқармасының жаңа төрағасын таныстырды. Бұл қызметке Әнуар Боранбаев тағайындалды.

Министр компанияның жаңа басшысын ұжымға таныстыру кезінде ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың экономикадағы дəстүрлі өндіру саласының тиімділігін көтеру жəне Қазақстанды əлемдік геологиялық барлау нарығына шығару міндетін қойғанын еске салды.

«Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау бағдарламасын əзірлеуге жəне осы жұмысқа назар аударуға шақырды. Жаңа басшылықтың алдында инвестиция тарту, алдыңғы қатарлы технологиялар трансферті, геологиялық саланы ғылыми-аналитикалық қолдау және басқа міндеттер тұр», - деп атап өтті министр.

Әнуар Боранбаев 1967 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген.

1992 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтының геологиялық барлау факультетін тау-кен инженері-геофизик мамандығы бойынша бітірді.

Жұмыс тәжірибесі:

- «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қазақстан Каспий шельфі» АҚ қызметкері (1999-2003);
- «БанкТұранӘлем» ААҚ сарапшысы (2003-2004);
- «Танашнефтегаз» АҚ геология және өндіріс жөніндегі вице-президенті (2004-2006);
- «Теңге БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары (2006-2007);
- «Теңге БК» ЖШС бас директоры (2007-2009);
- «Қазақстан мұнай және газ институты» АҚ геология және тау-кен технологиялары жөніндегі басқарушы директоры (2009-2010 жж.);
- «Ұлттық сейсмологиялық байқаулар мен зерттеулер орталығы» АҚ - Басқарма төрағасы (2016-2017 жж.)
- «Қазгеология» ҰК АҚ Сейсмология институтының директоры (2017-2018)

Бұған дейін бұл қызметті Алмаз Әбдіғалымов атқарған болатын.


Соңғы жаңалықтар