Қазгидромет: Қарашаның 28-і күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 28-і күнгі ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты күн жауын-шашынды болып, кей жерлерге қар жауады. Тек елдің батысында және оңтүстік-батысында ғана жауын болмайды.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, қөқтайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 23-28 метрге жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарынының кей жерлерінде тұман түсіп, қөқтайғақ, бұрқасын болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 23-28 метр болады.

Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді.

Қызылорда облысында қөқтайғақ болады.

Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын болады.

Алматы, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, қөқтайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деген болжам бар.


Соңғы жаңалықтар