Қазгидромет: Мамырдың 14-і күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы 14-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 14-ші мамыр күні солтүстік-батыс антициклоны әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Тек республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, солтүстікте – тұман түседі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады, жел 15-20 жылдамдықпен соғады, екпіні 23 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде түнде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Қарағаны облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, Алматы облысының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар