Қазгидромет: Сәуірдің 22-сі күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы сәуірдің 22-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, ҚР солтүстік жартысы антициклонның ықпалында болады. Осыған байланысты бұл өңірде күн ашық болады.

Республиканың қалған аумағында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен, ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша бірқатар өңірде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстік – батыста найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін, жел секундына 17-22 метрге дейін күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиы. Жамбыл облысында түнде көктайғақ болады.

Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Атырау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы, Қостанай, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.


Соңғы жаңалықтар