Қазгидромет: Сәуірдің 23-і күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгиромет» РМК-сы сәуірдің 23-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 23 сәуір күні Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан жауын-шашын болады. Тек батыс, шығыс және оңтүстік-шығысынан атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, желдің күшейеді. Батыс және оңтүстікте шаңды дауыл тұрып, батысында бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде секундына 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Түркістан облысының кей жерлерінде 15-25 м/с жылдамдықпен жел соғып, шаіды дауыл көтеріледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, найзағай ойнап, бұршақ жауады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Атырау облысында шаңды дауыл тұрады.

Жамбыл, Алматы, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге жетеді. Жамбыл облысында екпіні 23-28 м/с болады.

Қарағанды, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Соңғы жаңалықтар