«Қазгидромет»: СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат –Солтүстік Қазақстан облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 20 қаңтар күніСолтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын болады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

Петропавлда 20 қаңтардабұрқасын болады.Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі

Осыған байланысты ҚР ТЖМ СҚО Төтенше жағдайлар департаменті халықтың қалыпты тіршілік әрекетін қамтамасыз ету және төтенше жағдайдың алдын-алу мынадай үшін шаралар қабылдауды ұсынады:

Жылы бөлмеде болуға тырысыңыз;

Балаларды ерекше бақылауға алыңыз;

Елді мекендерден шығуға шектеу қойыңыз;

Автокөлікпен алыс сапарға шығуды тоқтата тұрыңыз;

Осы ақпаратты көршілеріңізге жеткізіп, ауру адамдар мен қарттарға көмек көрсетіңіз;

«Сіздердің назарларыңызға бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметтің 112 телефоны тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз. Ол арқылы төтенше жағдай мен оқиғаның қаупі туындаған жағдайда хабарласуға болады»,-делінген СҚО ТЖД Қоғаммен байланыс тобының хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар