21:03, 14 Қаңтар 2020 | GMT +6
Қазгидромет Түркістан облысында ескерту жариялады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан облысында ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«15 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді», - делінген Қазгидромет ақпаратында.