+7 (701) 759 90 19
USD 377.86 EUR 418.74
RUB 6.10 CNY 54.50
Jańalyqtar

Қазгидромет: Желтоқсанның 14-і күнгі ауа райы болжамы

2019 жылғы 14 желтоқсан 06:00
Бөлісіңіз:
Қазгидромет: Желтоқсанның 14-і күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Желтоқсанның 14-і күні республиканың басым бөлігіне солтүстік циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер әсер етеді. Соның салдарынан еліміздің бірқатар аумағында жауын-шашын болады.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды Боран, жел, көктайғақ – Жұмаға арналған ауа райы болжамы Елорда мешіттері қайырымдылық челленджін бастады

Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап хабарлайды.

Кәсіпорын тартақан мәліметтерге қарағанда, 14-ші желтоқсан күні шығысқа қарай бет алған антициклон ауа температурасының төмендеуіне және республиканың батысы, солтүсік батысы және солтүстігіне жауын-шашынсыз ауа райын алып келеді.

Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейіп, бұрқасын болады.

Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Павлодар облысында түнде желдің жылдамдығы 18 м/с болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.

Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT