Қажылыққа баруды жоспарлаған қазақстандықтарға қандай вакцина алған дұрыс

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцина алған қазақстандықтардың қажалыққа бару мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы алғанда, қажылыққа бару үшін әр ел өз талабын қояды. Қазір бізде Sinofarm компаниясының вакцинасы бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны аккредиттеді. Яғни, егер қажылыққа қабылдаушы ел ДДҰ-да тіркелген вакцинаның болуын талап етсе, ондай вакцина бізде бар деген сөз. Соны қабылдап, қажылыққа шыға беруге болады», - деді министр.

Ведомство басшысы қазақстандық QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеу жұмыстары сәтті өтсе, екпенің осы түрін алғандар да қажылыққа бара алатынын еске салды.

«Өзіміздің QazVac бойынша айтсақ, қазір Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелу сатысынан өтіп жатқанымызды білесіздер. Вакцина сол жақта тіркеуден өткен бойда, өзге нарықтарға да жолы ашылады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан өз вакцинасын клиникалық айналымға іс жүзінде шығарған алтыншы мемлекет. Оны түгел өз күшімізбен жасадық. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркелген көптеген елдерде, трансұлттық компанияларда мұндай тіркеу процедуралары жылдар бойында қалыптасып қойған. Оған арналған арнайы қызметтері де бар. Ал бізде жаңадан сондай жүйе орнатылып жатыр. Біз халықаралық қауымдастықтармен интеграцияланып жатырмыз. Тіркелудің алгоритмдерін пысықтап, құжаттарды қалыптап жатырмыз. Яғни үлкен кезең деуге болады. Бұл - Қазақстан үшін жаңа жол. Бірақ бір жағынан серпіліс деуге болады. Сондықтан, тіркелген бойда бүкіл әлем бойынша қолжетімді болады», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар