Қажымұқанның 150 жылдығы: Таға июден Қазақстанның рекорды жаңартылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығы орай қазақ күресінен облыстық турнир өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шараға Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, Қазақстан спортшылар Одағының төрағасы Азамат Қарлығашев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Алдымен жиналғандар Қажымұқан ауылында балуанның ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Сонымен қатар, шараға жиналғандар Қажымұқанның ізбасары күш жаттығуынан әлемнің төрт дүркін рекордшысы, Қазақстанның он екі дүркін рекордшысы ақмолалық Сергей Цырульниковтың өнерін тамашалады.


Ол әр біреуі 1000 келіден астам салмаққа дес бермейтін төрт бірдей тағаны 37 секунд ішінде иіп, Қазақстанның рекордын орнатты. Рекордты Қазақстанның рекордтар кітабының өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеп, рекордшыға сертификатын табыс етті.

Айта кетсек, аталмыш рекорд 2009 жылы Еуропа елінде орнатылды. Онда атлет қос бірдей тағаны 49 секунд ішінде иген болатын.

Айта кетейік, Сергей Цырульников - Ақмола облысы Шортанды ауданының тумасы. Күш өнері бойынша 4 дүркін әлемдік рекордшы, волейбол және пауэрлифтинг бойынша спорт шебері, кір тасын көтеру бойынша спорт шеберіне үміткер, қазақтың атақты балуаны Қажымұқан мен Балуан Шолақтың дәстүрін жалғастыратын бірқатар қауіпті, күрделі трюктерді орындаушы. ҚР Мемлекеттік Гвардиясының бұрынғы офицері. 2017 жылы ол әртүрлі бағыттарда төрт адам тартып тұрған аттарды көтеру арқылы өте қауіпті трюк көрсеткен болатын. Осы қойылым арқылы ол Қазақстанның рекордтар кітабына енді. 2018 жылы ол салмағы 148 тонналық машина бар дизельді тепловозды бірнеше метрге сүйреген болатын.


Соңғы жаңалықтар